«Адалдық сағаты» атты дөңгелек үстел

«Адалдық сағаты» атты дөңгелек үстел

Қазақстан Республикасының Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың 16 қазанында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру  мақсатында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде республикалық «Адалдық сағаты» атты дөңгелек үстел іс-шарасын ардагер Ш.А.Шамбулаеваның қатысуымен ұйымдастырылды.

Департамент басшысы М.С.Есбулганова өз қызметкерлерімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіміздің 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында жемқорлықтан ада өңір қалыптастыру керектігі туралы тапсырмасына сәйкес  тұрмыстық жемқорлықты жою мақсатында жұмыстар жүргізіліп отырғанын атап өтті.

№2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы М.Тұңғышбаев «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу - мемлекеттік дамуының негізгі факторы» бойынша баяндама жасады.

Қазақ