Қазақстан Республикасында 2020 жылдан бастап зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің шартты-жинақтаушы құрамдауышын енгізу

Қазақстан Республикасында 2020 жылдан бастап  зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің шартты-жинақтаушы құрамдауышын енгізу

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту мақсатында және зейнетақымен қамсыздандырудың барабарлығын сақтау үшін 2020 жылдың 1 қаңтардан бастап қосымша шартты-жинақтаушы компонентінінің енгізуі қарастырылған.

Жаңа шартты-жинақтаушы компонент зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы, сондай-ақ тарату қағидаттарын қолдайды.

Шартты-жинақтаушы зейнетақы жүйесі қызметкерлердің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шартты зейнетақы шоттарына аударуға жататын жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары (ЖБМЗЖ) есебінен қызметкерлердің ай сайынғы кірісінің 5 пайызы мөлшерінде қалыптастырылатын болады.

Осылайша, 2020 жылдан қызметкерлердің табысынан 10 % ұсталынатын міндетті зейнетақы (МЗЖ) жарналарынан бөлек, жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен 5% мөлшерінде зейнетақы жарналарын қосымша төлейтін болады.

Зейнетақы төлемдеріне құқық басталатын ең төменгі өтіл 5 жылды құрайды. Жаңа құрамдауыштан зейнетақы төлеу құқығына белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар, сондай-ақ жиынтығында кемінде 60 күнтізбелік ай ЖБМЗЖ аударылған мерзімсіз белгіленген I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар ие болады.

Шартты-жинақтаушы зейнетақы жүйесі шеңберіндегі зейнетақы төлемдері азаматтарға өмір бойы жүзеге асырылатыны маңызды артықшылық болып табылады. Зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшері демографиялық құрауышқа және жүйенің қаржылық көрсеткіштеріне байланысты болады.

Шартты-жинақтаушы зейнетақы жүйесі шеңберіндегі зейнетақы жарналары жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүргізілетіндіктен, оларға қызметкерлердің меншік құқығы және олардың мұрагерлік құқығы қолданылмайды.

Жарналар капиталданады және қаржы құралдарына инвестицияланады, бұл ретте кіріс инвестициялық қызметтің нәтижелеріне, сондай-ақ қаржы нарықтарының жай-күйіне байланысты қалыптасатын болады.

Инфляция деңгейін ескере отырып, жарналардың сақталуы бойынша мемлекеттік кепілдіктер шартты-жинақтаушы құрамдауышына қолданылмайды.

Қазақ