Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялауы.

С-О-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

      жоғары білім;

     мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

      жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

      «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының лауазымдық жалақысы:

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

Min

(тенге)

Max

(тенге)

С-О-5

83 353

112 526

 «Қазақстан Республикасы Еңбек және  халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» РММ, 080000, Жамбыл  облысы, Тараз  қаласы, Бөлтірік Шешен көшесі  7а үйі, анықтама  телефоны:            8 (7262) 54-60-24, факс: 8 (7262) 54-60-21, e-mail: b.akhmetova@enbek.gov.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды:

1. 5 Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманына,                  1 бірлік  (уақытша 2019 жылдың 01 қыркүйегіне дейін)    С-О-5 санаты

          Функционалдық міндеттері: Адам өмірі қабілетінің шектелу дәрежесін, оның ішінде еңбекке қабілеттілігін, мүгедектіктің ауырлығын және тобын анықтау, мүгедектің әртүрлі медициналық-әлеуметтік көмек түрлеріне қажеттілігін анықтау, мүгедектерді медициналық -әлеуметтік сауықтыру және бейімдеу жөніндегі шараларды анықтап, сауықтыру жөнінде бағдарлама жасау, ауру мүгедектерді куәландыру актілерін рәсімдеу.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету(медицина)   саласындағы жоғары  білім.

Мамандығы: жалпы медицина саласында (жалпы тәжірибелі мамандар) мамандықтары бойынша, осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардың қатынастарын реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін білу; мемлекеттік және ресми тілдерді білу және компьютерде жұмыс істей білу.

2. Мамандандырылған №8 Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманына,                  1 бірлік      

Әңгімелесуді өткізу мерзімдері құжаттарды қабылдағаннан кейін қосымша хабарланатын болады.  Әңгімелесуді өткізу орны: Тараз  қаласы, Бөлтірік Шешен көшесі, 7а-үйі, 302-кабинет.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуы жоспарланып отыр.

       Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1).Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

        Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Құжаттарды қабылдау мерзiмi  конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап  3 жұмыс күнінің ішінде тапсырылуы тиіс.

      Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

      Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

     Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар еткен күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Жамбыл  облысы, Тараз  қаласы, Бөлтірік Шешен көшесі  7а үйі 302 бөлмеде әңгімелесуден өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

      Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

      Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

       Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
 
Нысан

________________________
 (мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені_________________________________________________________
__________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
__________________________________________________________________

________                                               ___________________________________
  (қолы)                                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.