2019 жылы 83 тексеру жүргізілді, оның 40 профилактикалық бақылау, ал 43 - жоспардан тыс тексерулер. Барлық тексерулер бойынша 67 ұйғарым: профилактикалық бақылау барысында - 40 мекемеге, жоспардан тыс тексеру барысында - 27 мекемеге берілді, қалған 16 мекеме анықталған кемшіліктерді тексеру барысында жойды. Берілген 67 ұйғарымның мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағысы - 65, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету аясында - 2. Ұйғарымдар бойынша анықталған бұзушылықтар саны – 195, оның ішінде орындалғаны – 60, 135- бұзушылықтарды орындау мерзімдері бар. 

03.06.2020 - 13:01
Өзгертілді: 03.06.2020 - 13:01

Жыл сайын 31 мамырда Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. 2003 жылдан бастап осы санаттағы азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы ретінде 14,9 млрд. теңге төленді.

«Халық жауын» анықтау саясатының нәтижесінде көптеген адамдар зардап шекті. 1921-1954 жылдар аралығында Қазақстанда 100 мың адам сотталып, 25 мың адамға жоғары жазалау шарасы – ату жазасы қолданылды.

01.06.2020 - 06:49
Өзгертілді: 01.06.2020 - 06:49