Сұрақтар және жауаптар

42 500 тг. туралы

Сәлеметсіздеоме маған әлі түскен 1 ай болды

Ответ: 

Әлеуметтік төлемді тағайындау және төлеу мәселесі бойынша Сіз «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ң ЖОФ-на: байланыс телефон 94-10-37, электрондық пошта - zhambyl@gfss.kz және «Азаматтарға арналған Үкімет «Мемлекеттік корпорация»» КЕ АҚ ЖОФ-на: байланыс телефон 99-98-68 арқылы хабарласа аласыз.

арнайы мемлекеттік жәрдемақы

Сәлеметсізбе! Мен қатерлі ми ісінің 4 грейдінде онкология ауруханасында есепте тұрмын. Маған жылына бір рет арнайы мемлекеттік жәрдемақы (10 АЕК) шамасында төленуі тиіс екен, соған байланысты толығырақ мәлеметті айтып, қандай құжат жинап, қандай мекен жайға өткізу керектігін жазып жіберсеңіз. Менің электрондық поштам russkzmz@mail.ru

Ответ: 

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Сіздің 2020 жылдың 20 ақпандағы электрондық почтамен келген өтінішіңіді қарап, төмендегідей хабарлайды:

«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы № 126 Заңына 1 бабына сәйкес мүгедектігі бойынша жәрдемақылар мүгедектікке душар болған жағдайда жәрдемақыға өтініш жасылған уақытта жұмыстан тоқтатылғанына немесе жалғасуына қарамасан тағайындалады.

Тіршілік ету әрекетінің, оның ішінде еңбек ету қабілетінің шектелу дәрежесіне қарай мүгедектік үш топқа бөлінеді.

Мүгедектіктің себептерін, топтарын, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін, сондай-ақ мүгедектік туындаған уақытты МЭС бөлімшесі белгілейді.

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын орталық атқарушы орган әзірлейді және бекітеді.

2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары бекіту туралы» Ережесіне   сәйкес куәландырылатын адам тұрғылықты тұратын жергілікті орны бойынша   медициналық ұйымға медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау үшін ұсыну қажет.

Медициналық дәрігерлік-консультациялық комиссиясының № 088-у МЭС-ке жолдамасымен бірге:

1) куәландыралатын адамның жеке басын растайтын құжат;

2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат.

3) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 907 бұйрық) бекітілген нысан бойынша МӘС-ке жолдама, оған қол қойылған күнінен бастап бір айдан кешіктірмей (бұдан әрі – МӘС-ке жолдама);

4) медициналық ұйым әзірлеген жағдайда № 907 бұйрықпен бекітілген 088-2/е нысаны бойынша пациентті/мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігі (бұдан әрі – ОЖБ-ның медициналық бөлігі);

5) сырқат динамикасын талдау үшін амбулаториялық пациенттің медициналық картасы. Болған жағдайда ауру тарихынан үзінділер, мамандардың қорытындылары және зерттеу нәтижелерінің қорытыңдылары;

6) сараптамалық қорытынды туралы деректерді енгізу үшін қызметкер ұсынған уақытша еңбекке жарамсыздық парағы (куәлігі);

8) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу (немесе қатыспау) фактісін растайтын құжат – осы әлеуметтік қатер бойынша жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі (бұдан әрі – ЖЕА дәрежесі) алғаш рет белгіленген жағдайларда ұсынылады;

Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, куәландыратын адамның өтінішіне тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттан басқа, МӘС-ке жолдама, сондай-ақ тиісті құжаттардың қағаз жеткізгіштегі көшірмелері және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары қоса беріледі.

Құжаттар мемлекеттік  және (немесе) орыс тілдерінде ұсынылады.

     

      

 

 

 

Орынд. Жаманбалаева К., (87262) 54-60-29