Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің кадрлармен қамтамасыз етуі

Мемлекеттік қызметке тұру тәртібі «Мемлекеттік қызметке тұру тәртібі туралы Ережемен» реттеледі.

Мемлекеттік қызметке азаматтардың тең құқығын жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін 2000 жылдың қаңтарынан бастап Республика бойынша мемлекеттік органдардағы бос әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымына конкурстық таңдау жүйесі енгізілді.

Конкурстарды өткізу және ұйымдастыру бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурстарды жүргізу Ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметке кіру тәртібі

Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметтен өту мәселесі Мемлекеттік қызметтен өту тәртібі туралы Ережемен реттеледі.

Қазақстан – 2030 Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі – кәсіби үкімет құруды есепке ала отырып, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі өзінің алғашқы іс-әрекетінен бастап негізгі күшін тиісті білімі және қажетті жұмыс тәжірибесі бар, жоғары кәсіби кадрларды мемлекеттік қызметке тарту үшін жағдай туғызуға бағыттады.

Беттер